Атырау, 26 қараша 00:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

БАҚ: Навальныйды Сібірге сапары кезінде ФСБ аңдыған

2 582 просмотра

Германиядағы ауруханада жатқан Кремль сыншысы Алексей Навальныйды "уланардан бұрын" Сібірге барған сапарында ресейлік федералдық қауіпсіздік қызмет (ФСБ) өкілдері аңдыған. Бұл туралы Азаттық радиосы Ресейлік "Московский комсомолец" басылымына сілтеп хабарлады.

Ресейдің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйенген басылымның жазуынша, ФСБ қызметкерлері Сібірде Навальныйдың әрбір қадамын аңдып отырған. Оппозициялық саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш 23 тамызда Twitter желісінде "аңду таңданарлық нәрсе емес, тек осындай ақпараттың егжей-тегжейіне дейін айтылуы таңғаларлық нәрсе" деп жазды.

Ол бұған дейін Навальный 20 тамызда Томск әуежайында шәй сатып алып, ішкеннен кейін уланған деп айтқан еді.

Германия полициясы 23 тамызда Навальный жатқан ауруханадағы қауіпсіздікті күшейтті. Навальный Германия ауруханасына Ангела Меркельдің қонағы есебі ретінде жатқызылған. Неміс басылымдарының ақпаратына қарағанда мұндай мәртебе Навальныйдың қауіпсіздігін барынша күшейтуге мүмкіндік береді.

44 жастағы Навальный әлі есін жиған жоқ, аурухана жетекішілігі диагностика толық аяқталып, нәтижесі шыққан соң ғана саясаткердің жағдайы туралы ақпарат беретінін айтты.

24 тамыз 2020, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.