Атырау, 22 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Құрманғазы ауданында​ 3 жарым миллион шабақ құтқарылды​

Бейнежазба
3 398 рет қаралды

Әлеуметтік желіде шабақтарды құтқарып жүрген бірнеше жас жігіттің өздеріне көмек беруді өтінген бейнежазбасы пайда болды. Осыдан кейін оларға Құрманғазы ауданының басқа да тұрғындары қосылған.

«Құрманғазы ауданы аумағында шамамен 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.- Құрманғазы ауданының Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған. Ондағы сазан мен мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Шараға жергілікті атқарушы орган, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, ауылдың ерікті жастары, "Каспий балық" және "Амангелді" балық аулау кооперативтерінің  қызметкерлері бар - барлығы 60 адам жұмылдырылды. Соның арқасында шамамен 3 миллиондай шабақ құтқарылып, Қиғаш өзеніне жіберілді».

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 тамыз 2020, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.