Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақылды «Сергек» әлі іске қосылған жоқ

3 418 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау облысында 57 993 жол жүру ережесін бұзушы тіркелді, оның 38 мыңнан астамы - облыс орталығында орын алған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған, атап айтқанда, жылдамдықты арттыру (17 483), қауіпсіздік белдігін тақпау (5063), көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу (2285) кіреді. Мас күйде көлік басқарған 467 жүргізуші анықталды. Полиция жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерді де «ұмытқан» жоқ, олардың саны - 4261.

Суретке және бейнежазбаға түсіріп алатын «ақылды» «Сергек» жүйесіне келетін болсақ, ол әлі іске қосылған жоқ. ПД баспасөз қызметі жүйе іске қосылған кезде, тұрғындарға алдын-ала ескертіледі деп сендірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 тамыз 2020, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.