Атырау, 21 желтоқсан 10:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Балабақшада кезекші топтар жұмыс істей бастады

5 707 рет қаралды

Атырау облысында 207 балабақшаның 67-сі жұмысын қайта бастады, соның ішінде 54 мемлекеттік және 13 жекеменшік балабақша бар. Бұл туралы білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Білім беру басқармасының бөлім бастығы Ақкенже ИСАНБЕРГЕНОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде 67 балабақшадағы 337 кезекші топқа (15 адамнан аспайды) 2 мың бала барады.

Кезекші топқа өтініш «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанында жұмыс істейтін «InfoKazakhstan» сайтына электронды түрде беріледі. Мемлекеттік балабақшада ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін отбасыларға басымдық беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 тамыз 2020, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.