Атырау, 18 қаңтар 12:17
 ашықВ Атырау -11
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Қазақстанда коронавирустық пневмония бір тәулікте 787 адамнан анықталды

2 902 рет қаралды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 800-ге жуық адам шалдықты.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Қазақстанда коронавирус инфекциясы 244 адамнан анықталды. Оның ішінде 110 адам - симптомсыз тасымалдаушы.

Бір тәулікте індеттен 164 адам жазылып шықты.

Бүгінге дейін коронавирус жалпы 103 815 адамнан анықталды. Оның ішінде 86 450 науқас – жазылды, 1415 науқас – қайтыс болды.

20 тамыз 2020, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.