Атырау, 17 ақпан 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Мали президенті отставкаға кетті

2 669 рет қаралды

Елдегі көтерілістен соң Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейт отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Осы уақыттан бастап, өз өкілеттігімді тоқтатамын деп шешім қабылдадым. Мен билігімнің сақталғаны үшін қан төгілгенін қаламаймын", - деді президент тікелей эфирде. 

Сонымен қатар, ол елдің парламенті мен үкіметі таратылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Малиде көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министрді кепілге алғаны хабарланған еді.

19 тамыз 2020, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.