Атырау, 26 қараша 00:31
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Лукашенко 300-ден аса күш құрылымы қызметкерін медальмен марапаттады

2 564 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко қарулы күштерде қызмет ететін азаматтарды медальмен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат ұлттық құқық сайтында жарияланған, - деп хабарлайды TUT.by.

"Қызметтегі міндетін үлгілі атқарған ІІМ 300-ден аса басшысы мен қатардағы қызметкері І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Үздік еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Тізім 25 бетке созылған", - деп жазды портал.

Реклама 04

Бұдан бөлек Александр Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская күйеуін туған күнімен құттықтап, видеоүндеу жасады және тергеу изоляторында отырған күйеуінің сөзін келтіргені айтылады.

"Ол және басқа саяси тұтқындар қамауда отыр. Ол сіздердің құр отырмай, елде жақсы өмір сүру үшін бәрін жасауды сұрайды. Туған күніңмен, Сергей", - деді Тихановская.

Дереккөз: Тengrinews.kz

18 тамыз 2020, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.