Германияның Рейнланд-Пфальц аумағына бортында сегіз адам бар әуе шары құлады. Бұл туралы Merkur басылымы хабарлады.
Жел екпіні жерге қонуға жақындаған шардың бағытын өзгертіп жіберген. Салдарынан теміржолдың маңындағы ағаштарға ілініп қалған. Құтқару жұмыстарына жүздеген адам жұмылдырылып, пойыз қозғалысы да уақытша тоқтатылған.
Өкінішке қарай, ұшқыш көз жұмып, жеті жолаушының барлығы жарақат алған, ал соның екеуінің халі мүшкіл.
Дереккөз: 24.kz