Атырау, 18 желтоқсан 18:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Үстеме ақы карантин жойылғаннан кейін төленеді

3 751 просмотра
Көрнекі сурет

Жақында 1 шілдеден бастап ТШО мен мердігер/қосалқы мердігер мекемелер қызметкерлердің келісімімен 28 күндік вахтаға ауысады деп хабарланған «AЖ» сайтындағы жарияланымнан кейін, «ЮСС Супорт Сервисез» мердігер компаниясының қызметкері редакциямен байланысқа шықты.

Ол асхана жұмысшысы екен, айтуынша, бұрын олар 14 күн жұмыс істеген, ал келесі ауысымға қалса (овертайм) жалақысын көбейтіп алып отырған. Бірақ енді шілде айынан бастап вахтаның 28 күні үшін олар тұрақты жалақы алады (14+14 күн, келесі 14 күнге ақша көбейтілмейді).

«AЖ» сауалына «ЮСС Супорт Сервисез» өкілі компания қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес және ұжымдық келісімшартқа сәйкес, қосымша жұмыс күндері үшін ақы төлейді деп жауап берді. «Бірақ енгізілген шектеу шаралары мен барлық қызметкерлер үшін вахта режимінің 28 күнге ауысуына байланысты біз вахта шартын өзгерттік. Ал ішкі тәртіп бойынша компания 28 күнге жалақы белгіледі». Компания бұл уақытша шаралар екенін және барлық карантин шаралары аяқталғаннан кейін шарттар бұрынғы қалпына келетінін айтты. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 тамыз 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.