Атырау, 29 наурыз 04:10
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Армян көліктеріне жарты ай уақыт қалды

3 365 просмотра

1 қыркүйекте Қазақстанда осы жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген рөлі сол жағындағы көлік құралдарын тіркеу мерзімі аяқталады.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңірде осындай 1935 көлік құралы тіркелген. Армениядан Атырау облысына барлығы 6800 көлік әкелінді. 1 қыркүйекке дейін жарты ай уақыт қалды. Атырау полициясы оны соңғы күнге қалдырмай, уақытында тіркеу керектігін еске салады.

Тіркеу рәсімінен кейін сары нөмір иелері төлейтін салық аударымдарының «кәдімгі» көлік иелерінен алынатын салық төлемдерінен айырмашылығы жоқ екенін айта кеткен жөн.

Тіркелу күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбіде - сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін Атырау мамандандырылған ХҚКО-да, сондай-ақ екі аудан орталығы - Құлсары қаласы (Жылыой ауданы) мен Құрманғазы ауылындағы (Құрманғазы ауданы) мамандандырылған ХҚКО-да жүргізіледі.

Ауыстырылған оң жақ рөлді көліктерге келер болсақ ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, егер көлік иесінде көліктің қозғалыс үшін қауіпсіз екендігі туралы аккредиттелген зертханадан алынған куәлік болмаса, мұндай көліктер тіркелмейді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 тамыз 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.