Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер қайта жүреді

2 721 рет қаралды

Өңірде 17 тамыздан бастап қалаішілік 13 әлеуметтік маңызы бар маршрут жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі.

Желіде қозғалыс жиілігі - 10-15 минуттан барлығы 85 автобус жүреді. Автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. ⠀ 

- Дүйсенбіден бастап тек қалаішілік маршруттар жүреді. Олардың жұмысына бірқатар жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Нақтырақ айтқанда, жолаушылар саны тек салондағы орындықтар санына сәйкес болуы тиіс, бетперде, санитария және дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төлеу арқылы жүзеге асады. Кондукторлар жолаушылар саны мен отыру ережелерін бақылауы тиіс. Салон жолаушыларға толған жағдайда, автобус аялдамаға тек жолаушылар өз аялдамасынан түсу жағдайында ғана тоқтайды, артық адам алмайды. Егер, санитариялық режим толықтай сақталса, 24 тамыздан бастап қала маңындағы маршруттар да өз жұмысын бастайды. Қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағып, антисептикалық құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс, - делінген қала әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарламасында. 

Айта кетейік, карантин енгізілгенге дейін жолаушылар тасымалымен 8 автобус паркі айналысты. Жалпы қалалық паркте бекітілген 26 маршрут бойынша 160 бірлік автобус бар.

15 тамыз 2020, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.