Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жасөспірімдерге түнде жүруге болмайды

3 413 рет қаралды

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандар 39 қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға аз.

- Жыл басынан бері полицияға 1551 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 1495-і түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, - дейді полиция департаментінің ресми өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. - Ішкі істер органдарына 78 жасөспірім және 42 берекетсіз отбасы тіркелді, кәмелетке толмаған 39 жасөспірім облыстық бейімдеу орталығына, 14 жастағы жасөспірім девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған мектеп-интернатқа орналастырылды.

Бұдан басқа, полиция түнде ересектерсіз көшеде жүрген 1400-ден астам жасөспірім  мен 13 мас жасөспірімді ұстады.

- Осы жағдайлардың бәрінде ата-аналарға жауап беруге тура келді - оларға әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Мұхтарова.

Фархат ӘБІЛОВ

14 тамыз 2020, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.