Атырау, 19 сәуір 17:50
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қытайда тауық қанаттарынан коронавирус анықталды

2 829 просмотра

Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Globaltimes.

Басылымның мәліметінше, коронавирус 12-13 тамызда Оңтүстік Америкадан, соның ішінде Бразилия мен Эквадордан әкелінген өнімдерден табылған. Қанаттар Қытайдың бірнеше провинциясына жеткізілген.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, шілде айының басынан бастап Қытайдың жеті қаласы мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирустың анықталғаны туралы хабарлағаг. 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, өнімдер әдетте төмен температурада сақталады, салдарынан бұл вирустың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыруы мүмкін.

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 тамыз 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.