Шри-Ланкада үш бауыр және сол бауырлардың біреуінің баласы министр болды, - деп хабарлайды Reuters.
Шри-Ланка президенті Готабайя Раджапакса сәрсенбі күні өзінің ағасы Махинда Раджапакса төрағалық ететін министрліктер кабинетінде қызметке тағайындалған тағы екі туысының есімін айтты.
Енді кабинеттің 26 мүшесінің төртеуі Раджапакса отбасынан. Сондай-ақ президенттің уәкілеттігінде қорғаныс министрі лауазымы қалды, ал оның үлкен ағасы қаржы, қаланы дамыту және будда істері жөніндегі министр болды.
Тағы бір ағасы Шамаль Раджапакса ирригация министрі болып тағайындалды. Ал премьер-министрдің баласы Намал Раджапакса жастар ісі және спорт министрі болды.
Ал 71 жастағы Готабайя Раджапакса өткен жылдың қарашасында Шри-Ланка президенті болды.
Дереккөз: Тengrinews.kz