Атырау, 28 наурыз 19:32
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Түнгі Атырау: ішімдік ішкен жасөспірімдер мен жүкті әйелдер көлік жүргізген

3 324 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысының полицейлері 467 мас жүргізушіні ұстады. Оның 370 - облыс орталығында. Барлық құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 608-бабы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

- 46 адам мас күйінде көлік жүргізіп қана қоймай, олардың жүргізуші куәлігі де болмаған. Бұл құқықбұзушылықта қылмыстық жазаланатын әрекет белгісі болғандықтан, ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, -деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Мас күйде көлік басқарған жүргізушілер арасында мүмкіндігі шектеулі 4 адам, үш жүкті әйел және кәмелетке толмаған екі жасөспірім болды.

Мысалы, 15 шілдеге қараған түні облыс орталығында тәртіп сақшылары ішімдік ішкен күйде "Nissan Juke" көлігін жүргізген 32 жастағы аяғы ауыр жүкті азаматшаны ұстады. Кейін сот оны жүргізуші құқығынан айырды. Бір аптадан кейін, түн ішінде қаладағы Сәтпаев-Пушкин көшелерінің қиылысында 17 жастағы жасөспірім басқарған "Nissan Tiida" маркалы көлік тоқтатылды. Жүргізушінің куәлігі жоқ әрі ішімдік ішкен. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапқа тартылып, әкімшілік сот оларға 27 780 теңге айыппұл салды. ӘҚБтК-нің 442-бабы ("Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы") бойынша хаттама рәсімделіп, ювеналды сотқа жіберілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 тамыз 2020, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.