Беларусьте жаппай наразалықтың төртінші күні аяқталды. Лукашенконың президент тағын босататын түрі жоқ. Халық енді жаңа сайлау өткізуді талап ете бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Билік тарапынан демонстранттарға қарсы жасалып жатқан аяусыз зорлық-зомбылықты көріп, бұған шыдамаған бірқатар тележүргізушілер мен журналистер қызметінен бас тартып, мемлекеттік телеарналардан кетіп қалды.
Мәселен, соңғы күндері белоруссиялық СТВ (Столичное телевидение) жүргізушісі Татьяна Бородкина, Белорус радиосының Бірінші арнасы қызметкерлері Александр Шустер мен Татьяна Филипченко жұмыстан шығып кетті.
Беларусь телевизия жаңалықтары агенттігінің жүргізушісі Сергей Козлович те жұмыстан кеткенін хабарлады.
"Беларусь 1" телеарнасындағы "Доброе утро, Беларусь!" телешоуының жүргізушісі Вера Каретникова да арызын жазып, жұмыстан кетті.
ОНТ (Общенациональное телевидение) телеарнасынан жүргізушілер Евгений Перлин мен Ольга Богатыревич кетіп қалды.
Елдегі танымал деген "Арсенал" әскери телебағдарламасының жүргізушісі Владимир Бурко да жұмыстан кететіні туралы видеосын жариялады.