​Әкім білім беру грантын бөлді

793 рет қаралды
Көрнекі сурет

15-20 тамыз аралығында Атырау облысында жергілікті білім беру грантын алуға өтінім қабылданады.

Биыл облыс әкімінің атынан мектеп және колледж түлектері үшін жоғары оқу орындарында білім алуға 116 грант бөлінді, оның ішінде 49 – педагогика, 17 – медицина, қалғаны - ветеринария, агрономия, өнер, т.б. Құжаттарды қабылдау ZOOM платформасында онлайн-режимде жүзеге асырылады.

- ҰБТ-да шектеулі балл жинаған түлектердің барлық санаттары облыс әкімінің грантын алуға өтініш бере алады. Колледж түлектері де өтініш беруге құқылы, - дейді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнагүл ЖҰМАҒАЗИЕВА.

Белгілі бір мамандыққа үміткерлердің саны тең болған жағдайда жетімдерге, кәсіптік білімі және бір жылдық жұмыс өтілі бар адамдарға, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардың, ғылыми жобалар мен спорттық жарыс жеңімпаздарына артықшылық беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 тамыз, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.