Атырау, 26 сәуір 17:31
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қалам-дәптер орнына ноутбук пен планшет алынады

3 666 просмотра

16 693 мектеп оқушысы қашықтан білім алу үшін компьютер техникасына мұқтаж. Тағы 3 мың бала Интернетке қосылмаған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ брифингте айтты.

«Қазақтелеком» интернет желісіне қосу жұмыстарын жүргізеді. Бұдан басқа, ұялы байланыс операторларымен жаппай оқыту қорының қаржысына 3 мың роутер сатып алу туралы келіссөз жүргізілді. Облыс әкімінің мәліметінше, 355 мұғалімге де компьютер техникасы қажет. Оларға мектеп компьютерлері беріледі. Бұрын хабарланғандай, оқу жылы басталғанға дейін мұқтаж балаларға 15 246 мектеп компьютері тапсырылады - оқу жылының соңында оларды мектепке қайтару керек. 1611 ноутбукты сатып алуға жергілікті бюджеттен 282 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 250 млн теңгеге 1 389 ноутбук сатып алу жоспарланған. Барлығы 3 мың ноутбук сатып алынады. Бұған қоса 18 510 дана компьютер техникасын сатып алуға сұраным жіберілген - 2,5 мың планшет, сондай мөлшерде компьютер, қалғаны - ноутбук. Бұл республикалық трансферт есебінен алынады.

Жаңа оқу жылында облыс бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін 1446 кезекші сыныптар ашылады. Қазір қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, мектептер үшін тепловизорлар сатып алынуда. 17 елді мекендегі бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі.

Облыста педагогикалық және медициналық маман жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше жыл қатарынан облыс әкімінің гранты бөлініп келеді. Олардың басым бөлігі педагогикалық және медициналық мамандықтарға бағытталған. Облыстық гранттар үш жыл бұрын бөліне бастады, келесі жылы жоғары оқу орындарының алғашқы түлектері келеді. Грант шартына сәйкес олар өз мамандықтары бойынша бірнеше жыл бойы жұмыс істеуі керек. Қазіргі уақытта 500-ден астам студент облыс есебінен білім алуда.

Әр оқу жылының басында әр мектепте оқулық тапшылығы туындайды. Облыс басшысының айтуынша, оқулық сатып алуға 19 баспамен келісімшарт жасалған. Оқулықтар өңірге 10 тамыздан бері жеткізіле бастады, ал мектептер барлық кітапты 20 тамызға дейін алуы тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

13 тамыз 2020, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.