Атырау, 22 желтоқсан 10:58
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау облысынан жаңа сенатор - Сағындық Лұқпанов

3 667 рет қаралды
Сағындық ЛҰҚПАНОВ

Бүгін, 12 тамызда ҚР Парламент Сенатының депутаттарын сайлау рәсімі өтті. Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС басқарушы директоры Сағындық ЛҰҚПАНОВ 82,69% дауыс жинап, Атырау облысынан жаңа сенатор болып сайланды.

Сайлаушылардың жалпы саны - 111 (облыстық, қалалық және 7 аудандық мәслихат депутаттары), олардың 105-і дауыс беруге қатысты.

Лұқпановтың қарсыластары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральды желісінің Атырау бөлімінің бас инженері Сағын СЕЙІЛХАНОВ пен «АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік СМАҒҰЛОВ тиісінше 10,58% және 6,73% дауыс жинады.

Естеріңізге салсақ, бастапқыда ҚР Парламентінің жоғарғы палатасына 5 үміткер ұсынылған болатын, бірақ кейін екеуі - «АМӨЗ» ЖШС департаментінің директоры Серік АРЫСТАН мен гуманитарлық колледждің директоры Айжан ҚАРАБАЕВА кандидатураларын алып тастады.

Лұқпанов мерзімі аяқталған Атырау облысының сенаторы Сәрсенбай Еңсегеновтың орнына 6 жылға сайланды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 тамыз 2020, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.