Атырау, 26 сәуір 08:30
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Білім беру басқармасында жаңа басшы

3 281 просмотра

Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы болып, кезінде өңірімізде осы құрылымды басқарған Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ тағайындалды. Оны жергілікті активте облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі өмірбаяны туралы анықтаманы таратты.

Есенғалиев 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын «тарих, қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әрі қарай тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған. Еңбек жолын Махамбет аудандық мәдениет бөлімінде бастаған. Әр жылдары Махамбет ауданының Жалғансай орта мектебінде, №1 облыстық мектеп-интернатында мұғалім, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дүние жүзі тарихы кафедрасының оқытушысы және проректоры болып қызмет атқарған. 

2008-2009 жылдары - Кеңөзек селолық округінің әкімі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасында бөлім бастығы; 

2009-2011 жылдары – облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы; 

2011-2013 жылдары – облыстық білім беру басқармасының басшысы; 

2014-2017 жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Атырау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 

2017 жылдан бастап осы тағайындауға дейін білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымын атқарған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 тамыз 2020, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.