Мексикада жолаушылар автобусы демалыс аймағына жақын жерде жолдағы қоршауға соқтысып, салдарынан аударылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мексиканың орталық бөлігінде жол апаты болып, 13 адам қаза тапса, тағы 20 адам әртүрлі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Жол апаты ел астанасы Мехико мен Толука-де-Лердо қаласын байланыстыратын шосседе болған. Апаттың нақты себебі белгісіз. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.