Атырау, 14 қыркүйек 08:54
 дождьВ Атырау +17.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

2 883 рет қаралды

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Оның пікірінше, соған қарамастан әрқашан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн. 

Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.

"Заңды, бақылауды күшейтіп, тиімді шараларды қолдану керек. Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытай төрағасы әрқашан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға шақырған.

11 тамыз 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.