Атырау, 20 сәуір 17:05
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Беларусь қалаларында халық наразылығы басылмай жатыр

2 594 просмотра

Дүйсенбі күні кешкісін Минскте сайлау нәтижесімен келіспеген наразы топ қайта көшеге шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Минскідегі халық наразылығынан репортаж жасап жатқан жерінен ұсталған Daily Storm басылымының журналистері Антон Старков пен Дмитрий Лосенконы босатты, дейді Sputnik ақпаратына сүйенген centralasian.org.

Минскіде дүйсенбі күні кешкісін наразылық акциясының қатысушысы қаза болды. Бұл жөнінде Беларусь ішкі істер министрлігі хабарлады. Бұл бірінші ресми расталған ақпарат болды.

ІІМ хабарлауынша, демонстранттар "Пушкин" метросы жанында қарсылық білдірген. Бұл жерге қарулы күш барған. Ресми таратқан мәлімдеме бойынша, қарсылық білдірушінің бірі жарылғыш хат лақтырмақ болғанда, қолында жарылып, сол жерде қаза тапқан.

Болған жағдай туралы тәуелсіз куәгерлердің ақпараты әзірге жоқ. Беларусь ақпарат құралдарының жазуынша, күш құрылымдары резеңке оқ пен жарық-дыбыстық қол гранатасын қолданған. Әлеуметтік желілерде демонстрант сондай гранатадан қайтыс болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр.

9 тамызда Беларусьта президент сайлауы өтті. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко – 80,08 процент дауыс жинаған. Оның қарсыласы Светлана Тихановскаяға сайлаушылардың 10,09 проценті дауыс берген. Ол мұнымен келіспейді.
11 тамыз 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.