Атырау, 25 сәуір 05:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Мақатта балалар коронавируспен ауырған жоқ»

2 872 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында  бірден бірнеше бала коронавирус инфекциясын жұқтырды деген жазба тарады. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бүгінде Мақат аудандық ауруханасының инфекция бөлімінде екі ересек науқас коронавирус дертінен емделуде.

- Олар толықтай емделіп жазыла келді, енді үйіне шығарылады. Жалпы провизорлық стационарда 11 адам емделіп жатыр, оның ішінде 10 айлық сәби бар. Ол сәбиге суық тиген. Қазір жағдайы жақсы. Негізі балалар арасында соңғы кезде корнавирус дерті тіркелген жоқ. Биыл балалар арасында өлім де болған емес, - дейді Мақат аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан АБДРАХМАНОВ. 

Еске сала кетсек, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 тамыз 2020, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.