Атырау, 24 сәуір 10:43
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сан-Францискоға бара алмаса да, алда жоспары көп

Бейнежазба
3 790 просмотра

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Асқар ӘЛМҰХАМЕТОВ Apple компаниясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпазы атанды. Жеңіске жеткені үшін сыйлық ретінде Сан-Францискода өтетін конференцияға сапарлау керек еді, бірақ жаһандық пандемияға байланысты Apple бас кеңсесінің инженерлерімен кездесу қашықтан өтті.

Онлайн байқаудың қазылар алқасына Асқар өзі жасаған домбыра симуляторын ұсынды. Оны музыкалық аспапта ойнауды үйренуде қолдануға болады. Бұл жоба оның екі әуестігін - бағдарламалау мен домбыраны біріктірді. Асқар артықшылықтарды алдын-ала есептеп, жобаны білікті маркетолог ретінде таңдаған.

- Өнімді әзірлеу мерзімі бар-жоғы 2 апта болды. Мен домбыра симуляторы байқау үшін өте лайықты деп ойладым, өйткені Apple қатысушылардың бірегейлігі  пен мәдени ерекшеліктерін бағалайды. Бұдан басқа, қазір әлемде Димаш Құдайберген өте танымал, мұның да менің жобама пайдасы тиді. Мен оны App Store-да іске қосуды жоспарлап отырмын, егер кең қолданыла бастаса, оны Android-қа да бейімдеймін, - дейді жас жобалаушы. - Жыл сайын Apple компаниясы жоба әзірлеушілердің конференциясын ұйымдастырады, ол жерде өз өнімдерінің бір бөлігін қысқаша таныстырады. Сонымен қатар, бағдарламалаумен айналысатын мектеп оқушылары мен студенттер арасында байқау өткізіп, жеңімпаздар Сан-Францискода өтетін конференцияға тегін қатысуға мүмкіндік беретін грантқа ие болады. Биыл COVID-19 пандемиясына байланысты конференция қашықта өтті, біз онлайн режимінде Apple инженерлерімен жүздестік.

Бірақ ол алдағы уақытта нағыз кәсіпқойлармен бетпе-бет кездесетіндігіне үміттенеді.

Асқар бағдарламалаумен НЗМ-не түспес бұрын айналысқан. Ол IT-жобалары бойынша республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ тілді медиа-контентті қамтитын «Qulynym» мобильді қосымшасын жасаған. Биыл Асқар 9-сыныпты бітірді, алда жоспарлары әлі де көп. Болашақта ол қазақстандықтардың өмірін жақсартуға көмектесетін өзінің сандық өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

10 тамыз 2020, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.