Атырау, 14 сәуір 1739
 ашықВ Атырау +13
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

Атырауда полиция мас педофилге кедергі келтірген үш қала тұрғынын марапаттады

3 592 просмотра

Полиция департаменті қылмысқа күдіктіні ұстауға көмектескен Атыраудың үш тұрғынын марапаттады.

Естеріңізге салсақ, 6 тамыз күні кешкі сағат 7-лерде Көктем ықшам ауданында 42 жастағы ер адам азық-түлік дүкенінің жанында кішкентай қызды ұрлап әкетуге тырысқан. Ол қызды қолынан жетектеп бара жатқан жерінен куәгерлер байқап, сәбиді алып қалып, содан соң полиция шақырған.

Полицейлер күдіктінің мас болғандығын, кәмелетке толмаған жас балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталғанын анықтады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Бей-жай қарамайтын, батыл адамдардың іс-әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев азаматтық міндеттерін абыроймен  атқарған Шамиль Кулиевті, Артур Новиковты және 16 жастағы Әлішер Төлегенді арнайы шақырып, қабылдады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. - Оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Департамент басшысы кәмелетке толмаған Әлішерге ерекше алғысын білдіріп, оны болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер

10 тамыз 2020, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16