Атырау, 25 қараша 05:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзбекстаннан қара өрік әкелуге тыйым салынды

3 200 просмотра

6 тамыздан бастап ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Өзбекстанның аумағынан қара өріктің барлық  түрлерін әкелуге тыйым салды. Мұндай шешім Өзбекстаннан келетін қара өрік жемістерінде карантиндік зиянкестердің – Шығыс жемір көбелегі мен Комсток жәндігінің жиі анықталуына байланысты.

Шығыс жемір көбелегі шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие және бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% зиян келтіруі мүмкін.

Құртқа ұқсас Комсток жәндігінің отары ағаш бұтақтарын қуратып, құртып жібереді, жапырақтар сарғайып, түсіп қалады. Күнбағыс және сүйекті дақылдарға, қызылша, картоп, сәбіз, жүзімге өте зиян.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

10 тамыз 2020, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.