Атырау, 24 қараша 08:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бізге ауру құс керек емес

4 967 просмотра

Челябинск облысында H5N8 түріндегі тұмау вирусы анықталды - бұл үй және жабайы құстарда кездесетін жедел вирустық ауру. Осыған орай, 4 тамыздан бастап Қазақстан Челябинск облысынан тірі құс, инкубациялық жұмыртқа, құс етін және құс өнімдерінің барлық түрлерін әкелуге және тасымалдауға уақытша тыйым салды.

ҚР шекаралас облыстарындағы эпизоотикалық жағдайды өңірлердегі ветеринариялық қызмет ерекше бақылауға алған.

H5N8 түрі адамдар үшін залалы аз деп саналады, дегенмен ғалымдардың пікірінше, ол тез мутацияланып, адам тұмаудың басқа түрімен ауырса өте қауіпті болуы мүмкін.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

10 тамыз 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.