Атырау, 9 мамыр 03:00
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бәсекелестікті қорғау департаменті мен АМӨЗ сотта кездеседі

2 677 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты мұнай өңдеу кезінде бөгде ұйымның - «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің қызметтерін күштеп таңу дерегі бойынша монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, бұл мұнай өнімдерінің бағасын қымбаттатуға жол ашты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменті таратқан баспасөз хабарламасына сәйкес, тергеу нәтижесі бойынша монополияға қарсы орган монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) 5%-ы мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін әкімшілік іс қозғады.

Іс бойынша шешім сот талқылауының қорытындысы бойынша қабылданатын болады.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

10 тамыз 2020, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.