Беларусьте президент сайлауы өтуде: Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

505 рет қаралды

Бүгін Беларусьте президент сайлауы өтуде. Осыған орай, Беларусь азаматтары Қазақстанда қай жерде дауыс бере алатынын назарларыңызға ұсынамыз.

Беларусь президенттігіне кандидаттар

1. Беларусьтің қазіргі президенті, 1994 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Александр Лукашенко;

2. "Говори правду!" қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев;

3. Өзін-өзі ұсынған кандидат Светлана Тихановская – блогер Сергей Тихановскийдің әйелі;

4. Беларусь социал-демократиялық Грамадасының төрағасы Сергей Черечень;

5. Өкілдер палатасының экс-депутаты Анна Канопатская.

Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, биыл Беларусь азаматтарының президенттік сайлау науқанына айтарлықтай қызығушылығы бар. Сайлаушылардың келуі алдыңғы сайлауларға қарағанда анағұрлым жоғары болады деп күтілуде.

Коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-шараларға байланысты биылғы жылы секциялардың сыйымдылығы азаятыны бұған дейін айтылған. Осыған орай, елшілік барлық азаматтарды 4-8 тамыз аралығында өткен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қошқарбаев даңғылы, 9 (№ 90 сайлау учаскесі) мекен-жайы бойынша мерзімінен бұрын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырған.

Аталған мекен жай бойынша Беларусь азаматтары сайлау күні – 9 тамызда дауыс бере алады.

Қазірге дейін қанша адам дауыс бергені белгісіз. Елшілік қызметкерлері Sputnik Қазақстанға дауыс беру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сайлаушыларды сайлау учаскесінде қабылдау (шетелдік мекеме аумағына) сағат 8:00-ден бастап, жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады.

Сайлау учаскесіне бару тәртібі

Сайлау учаскесіне барған кезде сайлаушылар:

- медициналық маскаларды қолдануы тиіс;

- жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет;

- электрондық құрылғыларды (телефон, диктофон, фото-видеокамера, ноутбук) қолдануға тыйым салынады.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 тамыз, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.