Атырау, 29 наурыз 14:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сот хроникасы

2 891 просмотра

Махамбет аудандық соты аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына үкім шығарды: оған 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, азамат Е. жергілікті бизнесмендерден аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін бірнеше рет пара алған. Жалпы сомасы - 145 мың теңге. Сонымен қатар, қу шенеунік Атырау облысының басшылығымен тікелей кездесуді ұйымдастырамын деп кәсіпкерлерден ақша алған. Бұл тек парақорлық емес, сонымен қатар алаяқтық іс әрекет.

 

* * * * *

Бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырып, ауылдасын пышақтаған Құрманғазы ауданы Орлы ауылының тұрғынына қатысты үкім шықты.

Алкогольдік ішімдік ішіп отырғанда екеуі өзара келіспей қалады да, К. қолына түскен пышақты жәбірленушінің денесіне бірнеше рет сұғып алады.

... Сотталушы өз ісін мойындап, өкініш білдірді. Алайда судья оны ҚР ҚК 106 бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

 

* * * * *

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судья ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 3 бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер») 30 жастағы С. Р-ға қатысты істі қарады.

Іс материалына сәйкес, С.Р. масаң күйде «Toyota Tundra» көлігімен Сәтбаев көшесінде келе жатып «Lada 217050» маркалы автокөлігіне соқтығысып, терекке барып тіреледі.

Сот оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа жатқызу жазасын белгілеп, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

 

* * * * *

Исатай ауданы Жанбай ауылының тұрғыны ішімдік ішіп алып дүкеншіні балағаттаған.

Сот құқықбұзушыны бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын берді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 тамыз 2020, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.