Атырау, 14 қыркүйек 09:24
 дождьВ Атырау +18.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

«Атырау облысы су арнасы» КМК-не тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл салынды

4 108 рет қаралды

«Атырау облысы су арнасы» КМК-не 13 334 400 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.

AOСA-на ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы («Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу») бойынша 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

- КМК Құрманғазы ауданының Бірлік, Құрманғазы және Шортанбай ауылдарына тарату желілері арқылы су жеткізу кезінде шығын баптарын 5%-дан асырмау туралы бекітілген тарифтік сметаны орындамады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК өткен жылдың қазан айында облыстық коммуналдық кәсіпорын мәртебесін алды.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

8 тамыз 2020, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.