Атырау, 21 қараша 23:00
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Теңіз кеніші: КВИ бойынша оң сынамалар саны күрт азайды

5 042 просмотра

Соңғы ақпаратқа сәйкес, бүгінде ТШО қызметкерлері мен мердігер компаниялар арасында 55 мыңнан астам ПТР сынамалар жасалып, коронавирус инфекциясын жұқтырған 3895 жағдай тіркелді, 2863 адам емделіп шықты. ТШО қызметкерлерінің арасында 370 адам ауырды. Тағы бір қуантарлық жағдай: күнделікті расталатын жағдайлар саны 90%-ға азайды.

Бүгінде Теңіз кен орнындағы мамырда ашылған 230 орындық жұқпалы аурулар стационарында 194 қызметкер ем алуда.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Теңіз кен орнындағы оң динамикаға қарамастан, карантиндік шектеулер толық көлемде сақталуда.

Бұдан басқа, үздіксіз өндірісті, сонымен қатар ККЖ-ҰЕҚБЖ шеңберіндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында жедел қызметкерлерді ауыстыру жалғасуда. 1 шілдеден бастап бұрын 14 және 21 күн жұмыс істеген ТШО қызметкерлері 28 күндік вахтаға ауыстырылды (бұрын 28 күн жұмыс істегендер үшін өзгеріс жоқ). Жұмыс кестесіндегі аталмыш өзгерістер жұмысы аса зейін қоюды талап ететін, вахта ұзақтығы 14 күнді құрайтын қызметкерлерге (операторлар, техникалық қызмет көрсететін темір шеберлері) қатысты қолданылмайды. Бұндай қызметкерлердің вахта ұзақтығы бұрынғысынша сақталды.

Сонымен бірге, ТШО-ның вахталық қызметкерлеріне өз демалыс күндерінде, яғни вахтааралық демалыс күндері жоғарылатылған мөлшерде ақы төленетін түрде жұмысты жалғастыруға ұсыныс жасалды. Осылайша, өз демалыс күндері жұмыста қалуға ниет білдірген қызметкерлер үшін Теңіз кен орнында болу мерзімі қосымша 28 күнге арттырылды. Жұмыс кестесіндегі бұндай өзгерістер қызметкерлердің жазбаша келісімі бойынша және ҚР Еңбек кодексі талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Демалыс күндері жұмысқа тартылған қызметкерлердің саны ТШО-ның вахталық қызметкерлерінің жалпы санының 8%-нан аспайды.      

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

8 тамыз 2020, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.