Құлсарыда су тарифі көтерілуі мүмкін

690 рет қаралды

Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарындағы бірқатар елді мекендерді сумен қамтитын «Магистралды су құбыры» ЖШС мамыр айында «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбырын тұтынушылардың бірқатарына тарифті көтеру туралы жергілікті монополияға қарсы органға өтініш берді. Өтініш қоғамдық тыңдау режимінде 29 тамызда сағат 11.00-де Табиғи монополияларды реттеу департаментінің Facebook парақшасында қаралады.

Атап айтқанда, Құлсары қаласында тұрғындар, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар үшін тарифті текше метріне 39,08-ден 256,72 теңгеге дейін (6,5 есе); ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін - 95,56-дан 424,87 теңгеге дейін (4,4 есе); өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін - 353,89-дан 533,81 теңгеге дейін (1,5 есе), мұнай-газ өндіруші компаниялар үшін - 495,15-ден 827,28 теңгеге дейін (1,6 есе) көтеру жоспарланған.

Ал 5 тамызда департамент «Магистралды су құбыры» компаниясы үшін 2020 жылдың қазан айынан бастап бір жыл мерзімге уақытша өтемдік тарифті енгізу туралы шешім қабылдады: тұрғындарға - бір текше метрі үшін 38,14 теңге (2,4% -ға аз), ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге - текше метріне 94,51 теңге (1,1%-ға аз), өнеркәсіптік кәсіпорындарға - текше метр үшін 350 теңге (1,1% -дан аз), мұнай және газ өндіруші кәсіпорындарға - 489,7 теңге (1,1% -дан аз). Осылайша, бір жыл ішінде «Магистралды су құбыры» ЖШС тұтынушыларына 1 миллиард 84 миллион теңге қайтарылады.

Мирас МҰСТАФАЕВ

7 тамыз, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.