1993 жылы екі адам өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Чжан Юйхуан ақталып, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.
Ал темір тордың ар жағында 9778 күн өткізіп, жағымсыз рекорд орнатқан - бұл осы уақытқа дейін Қытайда әділетсіз сотталып, абақтыда отырғандардың ішіндегі ең ұзақ мерзім.
Теледидардан оның 83 жастағы анасы мен бұрынғы әйелі Сун Сяоньюймен эмоционалды кездесуі көрсетілді, ол 11 жыл бұрын онымен ажырасып, басқа адамға тұрмысқа шыққан, бірақ бірінші күйеуімен қарым-қатынасын сақтап оған шағым жіберіп отыруға көмектескен.
Прокуратура Чжан Юхуанның ісіне қайта оралуға шешім қабылдады, өйткені сот үкімі тек өзінің мойындауына негізделген және сотталушы азапталды деп мәлімдеді.
Сот бұл істе сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдеме жоқ деп есептеді, ал оның бұрынғы берген мәліметтері сәйкес келмеді және нақты жағдайларға сәйкес келмеді.
Сот жәбірленушіге өтемақы алуға құқылы деп таныды, бірақ оның мөлшерін анықтаған жоқ. Чжан Юхуанның адвокаты Ван Фэй ресми China Daily газетіне өзінің клиентіне қаржылық өтемақы сұрап, оның сотталуына байланысты адамдарды жазалайтынын айтты.
1993 жылдың қазан айында Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясындағы Цзиньсян ауылында екі жергілікті жасөспірімнің мәйіті тоғаннан табылды.
Чжан Юйхуан олармен көрші жерде тұрып, бірден күдікті ретінде таңылған.
1995 жылы қаңтарда провинция астанасы Нанчанадағы сот оны екі жылдан кейін оны ату жазасына, екі жылдан соң өмір бойына бас бостандығынан айыруға шешім қабылдған. Алайда сотталған ер адам кінәсін мойындамаған.
Үкімге шағымдану әрекеті сәтсіз аяқталды. 2019 жылдың наурыз айында Жоғарғы Сот прокуратураға істің мән-жайын қайта зерттеуді тапсырды.
"Біз барлық материалдармен танысып, істе тікелей дәлелдер жоқ деген қорытындыға келдік", - деді сот төрағасы Тянь Ганьлин ақтау үкімін негіздеп.
Ал шынайы қылмыскер анықталмаған.