Атырау, 23 сәуір 18:36
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда үнемі өртенетін қамыс ЖЭО үшін шикізат бола ма?

4 207 просмотра

Атырауда «KAMYSAY» биоөңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Әңгіме жылу және электр қуатын өндіру үшін жылу электр станциясында одан әрі пайдалану үшін қамысты өңдеу туралы болып отыр. Бұдан бұрын қала әкімдігі қала маңындағы Дамбы ауылында 50 гектар жер телімін 3 жылға пайдалануға берген болатын.

Сөйтсек, бұл жай ғана қамыс емес екен. Заманауи технологиялар көмегімен оны мазут, газ, дизель отынын өндіруге қолдануға болады. «KAMYSAY ATYRAU» ЖШС қазір осымен айналыса бастады. Мердігер ешқандай шығарынды болмайды деп уәде етіп отыр, өйткені биомассаны өңдеу химикаттар немесе басқа зиянды қоспаларсыз жүзеге асырылады екен. Бұдан басқа (бұл маңызды) зауыт құрылысына 500-ден астам адам жұмысқа тартылады, ал іске қосылғаннан кейін қызметкерлер саны кемінде 350 адам болады.

«KAMYSAY ATYRAU» ЖШС туралы: кәсіпорын 2019 жылы қала әкімдігі жанындағы инвестициялық жобалар жөніндегі комиссияның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешіміне сәйкес өз қызметін бастады. 

- Бұл 2030 жылға қарай 30%-ға дейін «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге аспақ. Біз Еуропалық қайта құру және даму банкі (EBRD), Дүниежүзілік Банк (IFC) және Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) сияқты халықаралық банктерден қаржы аламыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді «KAMYSAY ATYRAU» ЖШС-нің ресми өкілі Саламат ЖАСКЕЛЕНОВ. - Жазда үнемі өртенетін Жайық сағасындағы қамысты қыста мүмкіндік бар кезде шауып алып, зауытқа жөнелтеміз.

Ол бұл жобаның кем дегенде екі мәселені шешуге көмектесетінін атап өтті: экология (жаз сайын қамыс өрті болмайды) және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Табиғатқа тиетін зияны туралы айтсақ: қамыс - үнемі жаңарып тұратын ресурс, сондықтан шабу кезінде нақты орындар ескерілетін болады.

Жоба өте тартымды, бірақ бүгінде басты мәселе қаржыландыру болып тұр. Ол мәселе әзірге шешілуде.

Айнұр САПАРОВА

6 тамыз 2020, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.