Атырау, 27 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әзірге Шымкентке жол жабық

Сурет
3 121 просмотра

Қалааралық автобуспен тасымалдауға салынған тыйымды бұзу әлі тоқтамай тұр. 4 тамызда сағат 19.30-да Атырау - Орал тас жолында қаладан шығар ауызда патрульдік полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғыны жүргізген автобусты тоқтатты. Ішінде Шымкентке бара жатқан 30 жолаушы болған.

Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, карантин талаптарын бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты материал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Ал автобус жолаушыларымен Атырауға қайтарылды. Енді қалай болды деп ойлайсыз? Түн ортасында полиция сол автобусты Атырау - Орал трассасында Талдыкөл ауылының маңында тоқтатқан.

- Бірнеше сағаттан кейін жүргізуші қайтадан жолаушыларын жинап, түнде қаладан Шымкент бағытына шығып кеткен. Бұл жолы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы («Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау») бойынша хаттама толтырылды, - деді Мұхтарова.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл қалааралық жолаушылар тасымалына салынған тыйымды бұзған бесінші жағдай. Заң бұзушылардың бәрі Шымкент қаласына кетпек болған.

Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған суреттер

6 тамыз 2020, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.