Атырау, 2 мамыр 02:31
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Даладан да көлік ұрланады

2 850 просмотра

Көлік ұрлаудың да түрі болады, бірақ бұл жолғысы әдеттегіге ұқсамайды, айдаладан ұрлап кеткен. 3 тамыз күні түнде Махамбет ауданы аумағында орналасқан «Агро Холдинг-Зеленое поле» агрономы егін шаруашылығында жүріп, жұмысын аяқтағаннан кейін өзінің жеке көлігі «Газельмен» үйіне кетуге ыңғайланғанып қараса, көлігі қойып кеткен орнында жоқ.

Агоном жігіт дереу «102» нөмірі арқылы жергілікті ІІБ полицейлеріне хабарлайды. Арада 30 минут өткенде «Атырау-Индер» тас жолының бойында кетіп бара жатқан әлгі «Газельді» тоқтатады. Көлік ұрлаған 1992 жылғы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Тергеп-терксеру жұмыстары жүруде. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

6 тамыз 2020, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.