Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа басшы

4 332 рет қаралды

Бүгін, 4 тамызда Атырауда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы - азаматтық қорғау полковнигі Омар БЕРЖАНОВТЫ (суретте) таныстырды.

Омар Бержанов 1989 жылы еңбек жолын Гурьев облысы ІІБ №57 ӨБ-де өрт сөндіруші болып бастаған. Түрлі жылдары ол Атырау облысы бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметтің анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша «ӨС және АҚЖ» ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ бастығы болып жұмыс істеді. Кейін Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы лауазымдарын атқарды.

Атырау облысы ТЖД бұрынғы басшысы Сағынбек Өмірзахов зейнеткерлікке шықты.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ТЖД ұсынған сурет


4 тамыз 2020, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.