Атырау, 26 сәуір 18:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жер кезегі жай жылжиды

3 199 просмотра

Бүгінде Атырау облысында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға 116 мыңнан астам адам кезекте тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, өңірімізде жер кезегі өте баяу жылжуда.

Жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін беру ережелеріне сәйкес, ҚР азаматтарына 0,10 гектар жер телімі тегін беріледі. Осы тегін кезекте 116 мың адам тұр және кезек баяу жылжуда: жыл басынан бері 312 адам жер алды, былтыр - 789, 2018 жылы - 1177, 2017 жылы - 2455, 2016 жылы – 826 адам жер алған.

Жер ресурстарын басқару комитеті мұны әкімдіктер жер телімдерін тек инженерлік коммуникация болған жағдайда ғана беруге міндетті екендігімен түсіндіреді.

Фархат ӘБІЛОВ

4 тамыз 2020, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.