Атырау, 20 сәуір 18:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«Таза Қазақстан»: жағалаудағы ішімдік ішкендер, Жайыққа суға түсіп, көлік жуғандар да ұсталды

3 395 просмотра
"АЖ" архивінен алынған көрнекі сурет

23 шілдеден бастап Атырау облысында, бүкіл елде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде: полиция мен экология департаментінің қызметкерлері экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтайды. Тек демалыс күндерінің өзінде, 31 шілдеден бастап 2 тамызды қоса алғанда, өңірде осындай 132 заң бұзушылық анықталды.

- Басым көпшілігі Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылуға қатысты, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. - ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») осы үш күн ішінде 111 хаттама толтырылды. Рейд барысында мас күйінде болған 12 азамат анықталды, жағалауда алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілері тіркелді.

Рейд барысында көзге түскен тек «белгіленбеген жерде» шомылғандар емес. ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша («Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу») жасыл желектерді жойып, зақымдағаны үшін полицейлер 15 хаттама толтырды.

- Рейд аудандарда да өткізіледі. Мысалы, Индер ауданындағы «Тұздыкөл» мен Жайық өзенінің жағасында 7 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлады полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. Кейін ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, үш адам облыстың бас санитарлық дәрігері тыйым салғаннан кейін тұзды көлде шомылған, ал қалғандары Жайық өзенінде көліктерін жуған.

«Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы 30 тамызға дейін жалғасады. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 тамыз 2020, 00:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.