Атырау, 29 наурыз 00:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Прокуратура ТШО-ға екі айлық вахтаның заңсыз екенін ескертті

4 905 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы «Теңізшевройл» ЖШС-не компанияның вахта уақытын 56 күнге дейін заңсыз ұзартуына қатысты ескерту жасады.

Прокуратура тексеру барысында «Теңізшевройл» ЖШС-нің саясатына сәйкес мердігер компаниялардың да вахталық жұмыс уақытын 56 күнге ұзартқаны анықталды.

- Жақында «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмысшылардың келісімі бойынша Теңіз кенішіндегі вахта мерзімін 56 күнге ұзартатыны туралы бірнеше рет хабарлады, - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат ҚАБДОЛОВ. - Ал ҚР Еңбек кодексінің 135-бабына сәйкес, ауысым ұзақтығы 15 күнтізбелік күннен аспауы керек, ал қызметкердің жазбаша келісімімен оны 30 күнге дейін ұзартуға болады. Бұдан басқа, артық жұмыс істегені үшін заңнамада жоғары мөлшерде ақы төлеу қарастырылған.

Осыған байланысты прокуратура «Теңізшевройл» ЖШС басшылығына Теңіз кен орны жұмысшыларының еңбек құқығының бұзылуына жол бермеуге қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдады.

Фархат ӘБІЛОВ

30 шілде 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.