Атырау, 17 сәуір 01:20
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Атырауда үш компания үлескерлерден заңсыз қаражат тартқаны үшін жазаланды

3 083 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартып, элиталық үйлер салғаны үшін үш құрылыс компаниясын әкімшілік жауапқа тартты.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңға сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үш тәсілмен – Бірыңғай оператордың кепілдігін алу, жобаға екінші деңгейлі банктің қатысуы және жергілікті әкімдіктің рұқсаты арқылы жүзеге асырылады.

- Өзге тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады, - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат ҚАБДОЛОВ. - Мониторинг барысында, үш құрылыс компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарына жарнаманы заңсыз жариялау арқылы жеке және заңды тұлғалардан ақша тартқаны анықталды. Олар: «BASTAU CONSTRUCTION» ЖШС (Ақшағала м/а, «Victory park» тұрғын үй кешені), «Real Estate Капитал» ЖШС (Құлманов көшесі 35 мекен-жайында «Arman residence» тұрғын үй кешені), «ORKALI» ЖШС (Авангард 2 ы/а, «TAN SAMALY» тұрғын-үй кешені).

Аталған компанияларға қатысты прокуратура Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы (ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және ҚР тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғап, сот оларға жалпы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Фархат ӘБІЛОВ

30 шілде 2020, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.