Атырау, 28 наурыз 17:46
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауда облыс әкімдігінің ИВЛ аппаратын сатып алуына қатысты тергеу басталды

3 167 просмотра

Прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімдігінің өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын сатып алуына қатысты тергеу амалдарын бастады.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Перуашев Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан Оралдан жасанды желдету аппаратын сатып алудан бас тартып, Түркиядан сатып алуды талап етіп отырғанын айтқан болатын. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл аппараттарды сатып алуға ешқандай қатысы жоқ екенін, мұның облыстық деңгейдегі мәселе екенін хабарлады. Содан кейін бұл - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ бұйрығы екені белгілі болды. Өз кезегінде облыс әкімдігі баспасөз хабарламасын таратты. Хабарламада бұл бюджет қаражатын үнемдеуге қатысты мәселе екені айтылған. Бірақ Перуашевтің қосымша сұрақтары болып, оны премьер-министрге жолдады.

Енді бұл дерек ауқымды қоғамдық пікір тудырғандықтан мұны құқық қорғаушылар тексеруге кірісті.

- Соңғы кездері БАҚ-та облыстық денсаулық сақтау басқармасының ИВЛ аппараттарын сатып алуына қатысты мәселе қызу талқылануда, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. – Осы дерек бойынша облыс прокуратурасы басқарманың лауазымды тұлғаларына қатысты жинақталған материалдарды терегу жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жолдады.

Фархат ӘБІЛОВ

30 шілде 2020, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.