Атырау, 18 қаңтар 23:09
 ашықВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Атырауда сертификатталмаған дәрі-дәрмек сатылған

3 254 рет қаралды
Көрнекі сурет

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында дәрі-дәрмектерді жоғары бағада және арнайы рұқсатсыз сатқанын анықтады. Атырау тұрғынынан 244 мың теңгенің препараттары тәркіленді.

Одан ҚР фармацевтикалық бақылауымен сертификатталмаған ресейлік дәрі-дәрмек өнімдері, атап айтқанда, «Плавикс», «Азитрамицин», «Ингавирин 90», «Парацетамол», «Тавиник», «Тромбо АСС», «Кардиомагнил» дәрілері тәркіленіп алынды.

- Азаматшаның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, - деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржылық қадағалау комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша материалдар Атырау облысы бойынша ТҚСҚБД жіберіліп, тәркіленген дәрі-дәрмектер Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасына берілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

29 шілде 2020, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.