Атырау, 26 қараша 02:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әлемде ай сайын 10 мыңға жуық бала аштықтан өліп жатыр

2 626 просмотра

Биыл коронавирус эпидемиясы кесірінен енгізілген шектеулерге байланысты мәселе ушыға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мәселен, жағдайы төмен өңірлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек уақытылы жеткізілмей қалды. Бұған қоса азықтың құны да шарықтап кетті. БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, ай сайын 500 мыңнан астам бала аштықтың зардабын тартуда. Мамандар бір жылда олардың саны миллионға дейін жетуі ықтимал дейді. Сонымен қатар аш құрсақ жүрген тағы 128 мыңдай бала көз жұмуы мүмкін екенін айтады. 

Әсіресе Латын Америкасы, Оңтүстік Азия мен Африка елдеріндегі жағдай ауыр. Мысалы, Буркина-Фасода әрбір бесінші бала тойып тамақтанбайды. 20 млн халықтың жартысынан көбінде азық-түлік алатын жағдайы жоқ. Ауғанстанда да ахуал мәз емес. Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНИСЕФ қорының хабарлауынша, ауған жерінде аштық алқымнан алғандар 13 процентке артты. 

Мамандар халық жер жаһанды жайлаған індеттен емес, аштықтан қырылып қалуы мүмкін деп дабыл қағады. Егер коронавирус дерті өршіп тұрған кезде аурудан күніне 8 мың адам жан тапсырса, ағымдағы жылдың соңын қарай аштықтан бір күнде шамамен 12 мың адам көз жұмуы мүмкін деп болжануда.


29 шілде 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.