Атырау, 26 қараша 02:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

4 322 просмотра

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді.

Мұнда COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетелден келгендер, ал 64-і – жергілікті тұрғындар.

Қауіпті дертпен 57 адам Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, ал алты науқас Ляонин провинциясында, тағы біреуі Бейжің қаласында тіркелген, деп хабарлады КТК.

Жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда қауіпті кесел соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықты, ал 654 мың адам қайтыс болған.

29 шілде 2020, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.