Америкалық биотехнологиялық Moderna компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина бағасы 50-60 доллар (20-25 мың теңге аралығында) болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, бұл АҚШ және "табыс деңгейі жоғары" елдерге арналған баға. Баға өзгеруі де мүмкін, себебі Moderna өз вакцинасын Pfizer және BioNTech вакцинасының бағасына қарағанда қымбат ұсынып отыр. Аталған екі компания алдыңғы аптада жасап шыққан 600 миллион доза вакцинаны АҚШ билігімен әр дозасын 19,5 долларға сатуға келісім жасаған.
Вакцинаны Нидерланд, Германия, Франция және Италияға вакцина жеткізуге келісім жасаған AstraZeneca ұлыбританиялық-швед компаниясы оның құны 3-4 доллар аралығында болатынын жеткізген.