Атырау, 16 қаңтар 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Маскасыз әрі заңсыз жұмыс істеген

2 890 просмотра

Осы аптада Атырау полицейлері санитарлық нормалардың сақталуы бойынша құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

- Осы іс-шара барысында Нұрсая-3 (Тұлпар), Нұрсая-2 ықшам аудандарында және Жеңіс саябағы маңайындағы жағалауында салынып жатқан үш ЖШС-нің құрылыс нысандарында жұмысшылар медициналық маскасыз жұмыс жасаған, бұдан басқа ол жерде антисептикалық құралдар болмаған, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Барлық жинақталған құжаттар жұмыс берушілерді әкімшілік жауапқа тарту үшін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Айтпақшы, осы рейд барысында полицейлер құрылыста заңсыз жұмыс жасаған 35 жұмысшыны анықтады. Тексеру жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

28 шілде 2020, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.