Сәрсенбіде таңертеңгі сағат 6-дан бастап теміржол көпірінің қасындағы қиылыс және Геолог ықшамауданына апаратын жол толығымен жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолды қалпына келтіру және көлік жүретін бөлікті кеңейту мақсатында осы жылдың 29 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Амандосов - Берғалиев көшелерінің қиылысында (айналма жол аумағында) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Көлік құралдары балама бағыттар бойынша қозғалады.
Атырау қаласының ПБ жол-патрульдік қызметі көлік құралдарының қозғалысын реттеуді ұйымдастырады», - делінген хабарламада.